ТОҚАЕВ ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...