Тобылда қымбат көлікті ұрлаған 19 жастағы жігіт бірден апатқа ұшырады
Қостанай облысының Тобыл қаласында 19 жастағы тұрғын Lexus LX 570 көлігін тұрақтан заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Алайда ол көлікпен алысқа ұзай алмай, көп ұзамай жол-көлік оқиғасына тап болған.
Оқиға таңғы сағат 5:00 шамасында Титова көшесінде болған. Lexus LX 570 көлігі тұрақта тұрған жерінен айдап әкетілген.
Көлікті тізгіндеген 19 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған. Ол көп ұзамай тұрақта тұрған оқу-жаттығу көлігімен соқтығысқан. Жол апатының сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуге қатысты.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...