Токиода бір балық 3,2 миллион долларға сатылды

06.01.2026 15:56 Арман Ермеков Арман Ермеков
Токиода бір балық 3,2 миллион долларға сатылды
0
171
Фото: әлеуметтік желі

Токиодағы Тойосу балық нарығында өткен жылдың алғашқы аукционында салмағы 243 келі тартатын көк тунец рекордтық 510,3 миллион иенге (3,2 миллион доллар) сатылды, деп хабарлайды Politico.kz

Сауда-саттықтың жеңімпазы - танымал Sushi Zanmai мейрамханалар желісіне иелік ететін Kiyomura Corp компаниясы болды. Компания президенті, жұртшылық арасында «Тунец королі» атымен белгілі Киеси Кимура бәссаудада тағы да ең жоғары баға ұсынды.

Кәсіпкер 2012 және 2013 жылдары да рекордтық баға ұсынып, көзге түскен еді. Ал 2019 жылы ол балық үшін 333,6 миллион иен (2,1 миллион доллар) төлеген болатын. Бұл жолы Кимура өзінің бұрынғы тарихи рекордын қайта жаңартты.

Аукцион таңғы сағат 05:00-де басталды. Сауда аяқталған соң журналистерге сұхбат берген кәсіпкер бағаның мұншалықты шарықтап кеткеніне таңғалғанын жасырмады.

«Мен арзанырақ аламын деп ойлаған едім, бірақ баға көзді ашып-жұмғанша өсіп кетті. Дегенмен жылдың алғашқы тунеці сәттілік әкеледі», — деді Киеси Кимура.

Миллион долларлық балық саудадан кейін бірден Кимураның суши мейрамханаларына жеткізіліп, бөлініп, тұтынушыларға ұсынылды.

Мейрамхана қонақтарының бірі жаңа жылды осындай ерекше әрі бағалы тағаммен бастағанына риза екенін жеткізді.

Айта кетерлігі, Токиодағы таңғы балық аукциондары туристер көп баратын танымал орындардың біріне айналған. Былтырғы бәссаудада ең қымбат балықты 207 миллион иенге Onodera Group компаниясы сатып алған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий