«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса тұрмысқа шықты
1425
«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын тұрмысқа шықты. Бұл туралы актрисаның Instagram-дағы парақшасында 11 қыркүйекте жариялаған видеодан белгілі болды.
Кадрдан 33 жастағы актрисаның қалыңдықтың ақ көйлегінде жүргенін көруге болады. Ол жұбайының кім екенін ашып айтпаған.
Айта кетсек, бұған дейін актриса мешітте түсірілген видеосын бөліскен еді. Оның астында қарша бораған сұрақтардың біріне актриса: «Неке қию сәті» деп жауап берген.
Жалпы, Альмира Тұрсын өзінің жеке өмірі туралы мәліметтерді ашып айта бермейді. Белгілісі, 2021 жылдың қазан айында ол бірінші күйеуімен ажырасқан. Бір ұлы бар. Кейін актрисаның «Томирис» тарихи фильмін түсірген отандық режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырғаны туралы алыпқашпа сөз тараған.
Тағы бір айта кетерлігі, Альмира Тұрсын Mrs globe халықаралық сұлулық байқауында 2-орын алған.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...