Тоқаев 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы өткен ғасырдың бірінші жартысында саяси қуғын-сүргін құрбаны болған азаматтардың рухына тағзым ету және олардың есімін жадымызда сақтау әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл қағидаттар Конституцияда заң жүзінде бекітілген. Сондай-ақ Қазақстанның Әділдік, Заңдылық, Отаншылдық, Еңбекқорлық және табиғатқа жанашырлық құндылықтарына сүйене отырып дамып келе жатқаны айтылды.
Үндеуде ғылым, жоғары технологиялар, мәдениет және волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөлінетіні де көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап өтіп, Қазақстанның болашағы жарқын екеніне сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар