Тоқаев Ауғанстан бойынша арнаулы өкіл Еркін Тұқымовты қабылдады
Тоқаев Ауғанстан бойынша арнаулы өкілді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан бойынша арнаулы өкіл Еркін Тұқымовты қабылдап, екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты тереңдету мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ауғанстанмен қарым-қатынасты дамытуда арнаулы өкілдің рөліне ерекше тоқталды. Еркін Тұқымовқа сауда-экономикалық және гуманитарлық бағыттарда байланыстарды жолға қою міндеті жүктелді.
Президент Алматыда ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыратынын жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...