Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады

05.02.2026 09:17 Әсел Мұрат
Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
72
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Өтегенов кім?

Ол 1976 жылы дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасының жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады. Кейіннен Алматы облысы прокуратурасының Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целионград, Егіндікөл аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарды, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратында Бас Прокурордың аға көмекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдың мамырынан бастап - Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап - Астана қаласының прокуроры болды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий