Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларына үндеу жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өту барысын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы бұған дейін өзге мемлекеттердің басшыларымен бірге халықаралық жарыстың ашылу салтанатына қатысқан.
Президент Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан жарысқа қатысып жатқан спортшыларға ізгі сәлемін жолдады.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстардың достық пен әділдік рухында өтіп жатқанын атап өтіп, қазақстандық спортшыларға жарқын жеңістер тіледі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың нәтижесіне үлес қосып жүрген бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді.
Президент ұлттық құраманың ортақ жетістігіне еңбек сіңірген барлық азаматтың еңбегі міндетті түрде ескерілетінін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...