Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының бастығын тағайындады

Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының бастығын тағайындады
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың хабарлауынша, бұл қызметке Қаныш Әбубәкіров келді. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұған дейін бұл қызметті Сұлтан Қамалетдинов атқарған еді. Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу