Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы үшін Омбыға барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Ресейдің Омбы қаласына барды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысын Омбы әуежайында Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.
Форум аясында екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр. Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдарының, өңір әкімдіктерінің және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...