Тоқаев Қызылорда облысының әкіміне не үшін риза болды?

20.01.2026 14:55 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Тоқаев Қызылорда облысының әкіміне не үшін риза болды?
0
57

Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі әлеуметтік жағдайға тоқталып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қызметін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz

Мемлекет басшысы өңірдің даму қарқынына оң бағасын берді.

– Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп.   

Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды.

Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. 

Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі, – деді Президент.

Сонымен қатар жиында Президент саяси жүйеге қатысты өзгеріс енгізіп, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кеткен жағдайда сайлау екі айдың ішінде өтуі тиіс екенін мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий