Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады
381
Мемлекет басшысы АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді,-деп хабарлайды politico.kz
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды
Пенсильвания штатында ел алдында сөйлеп тұрған кезінде оған оқ атқан. Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:15-те болды. (Астана уақытымен 04:15, жексенбі). CNN мәліметінше, АҚШ-тың Құпия қызметі шабуыл жасаған снайперді оқиға орнында атып тастады. Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.Трамп оқиғадан кейін мәлімдеме жасады
«Мұндай жағдай біздің елде болып жатқаны таңқаларлық. Оқ атқан адам өлді және ол туралы мәлімет жоқ. Оқ оң жақ құлағымның жоғарғы жағын тесіп өтті. Мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден түсіндім, ысқырықты естідім, оқ атылды және оқтың теріні жыртып өткенін бірден сездім. Қатты қан кетті. ҚҰДАЙ АМЕРИКАНЫ САҚТАШЫ!»,-деді Трамп
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
21:11
«Өлтіріп кетеді деп қорқамын»: Алматылық блогер...
26.08.2026
20:43
Ақтөбеде өз анасын пышақтап өтірген 16 жастағы ...
26.08.2026
20:18
Тоқаев 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге...
26.08.2026
19:37
«Менің бір ғана әйелім бар»: Данияр Елеусінов ж...
26.08.2026
19:05
«Бір ай бойы көмек сұрадым»: Қызылордада екі ай...
26.08.2026
19:05
Respublica партиясы Құрылтайға баратын 9 депута...