Тоқаев Үкіметтің өрескел олқылығы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы. Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек, - деді Тоқаев.
Президент аймақтағы су құбыры мен кәріз желісінің тозуын аса күрделі мәселе деп атады.
Сарапшылар таза судың тағы бір көзі бар дейді. Бұл – Ақтөбе облысындағы Көкжиде жерасты сулары. Оны игеруге қатысты жобаны жан-жақты пысықтап, оның экономикалық тиімділігін зерттеу қажет. Сарапшылар Көкжиде, Айшуақ және Солтүстік Айшуақ жерасты суларынан Маңғыстау және Атырау облыстарының елді мекендеріне дейін су құбырын тартуды ұсынып отыр. Су құбырының ұзындығы шамамен 1400 шақырым болады, су өткізу мүмкіндігі – күніне 170 мың текше метр. Сол арқылы 1,2 миллион адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге және оның көлемін арттыруға мүмкіндік туады. Ақтау қаласындағы су құбыры желісі әбден тозған, тозу көрсеткіші – 77 пайыз. Соның кесірінен судың 16 пайызы ысырап болып жатыр. Жалпы, аймақтағы су құбыры мен кәріз желісінің тозуы аса күрделі мәселе болып тұр. Мәселен, су құбыры Ақтауда жаңа айттым, 77 пайыз, Жаңаөзенде – 59 пайыз тозған. Кәріз желісі Ақтауда шамамен – 76 пайыз, Жаңаөзенде – 72 пайыз тозған. Бір сөзбен, нақты шаралар қолға алынуы керек. Ал шалғайда тұратын малшылардың өз бетімен құдық қазу туралы бастамасына келсек, бұл – жалпы құптарлық іс. Бұл жұмысқа 100 миллион теңге қажет деп отыр. Кемінде 50 малшы суға қол жеткізеді екен. Қолдауға болады деп ойлаймын. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев әкіммен бірлесіп бұл мәселені пысықтауы керек, - деді ол.
Соңғы жаңалықтар





