Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті

Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу