Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Шанхай қаласына келді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың мәліметінше, 16 шілдеде Президент Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел отырысына да қатысады.
Ал 17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы әріптестік» тақырыбына арналған Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға (WAIC) қатысады. Конференцияда жасанды интеллект технологияларын дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...