«Тоқал болар едім деп ойлап қалдыңыз ба?»: блогер Madlen тосын мәлімдеме жасады

19.01.2026 18:29 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Тоқал болар едім деп ойлап қалдыңыз ба?»: блогер Madlen тосын мәлімдеме жасады
0
52
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Madlen

Желіде Madlen лақап атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева оқырмандарын ойландыратын пікірімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz

Блогер Instagram желісіндегі «Сұрақ–жауап» айдары барысында өзіне қойылған сауалдарға ашық жауап берді. Жазылушылардың бірі одан: «Егер блогер болмасаңыз, қандай мамандықты таңдар едіңіз?» — деп сұраған.

«Әрине, тоқал болар едім! — деп әзілдеді ол. — Қалжыңдап тұрмын», — деді Madlen.

Алайда блогер бұл тақырыптың тек әзілмен шектелмейтінін де жасырмады. Оның айтуынша, өмірінде екінші әйел болуға қатысты нақты ұсыныс түскен.

«Жақында бір ер адам маған ұсыныс жасады. Ол Қазақстанда тұрмайды, бұрыннан танысым. Жасы үлкен емес, жағдайы бар адам. Жыл сайын 1 миллион доллар мәһр беріп, екінші әйел болуды ұсынды. Бұл қалжың емес. Бірақ мен бас тарттым. Біреудің көлеңкесінде, екінші қатарда жүру мен үшін емес. Мен одан да жақсысына лайықпын», — деп жазды блогер.

Madlen-нің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, оқырмандардың түрлі көзқарасын тудырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий