«Тоқал тақырыбынан шаршадық»: блогер бойжеткендерге ой салатын үндеу жасады

19.01.2026 13:27 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Тоқал тақырыбынан шаршадық»: блогер бойжеткендерге ой салатын үндеу жасады
0
66
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қоғамда жиі талқыланатын тоқал мәселесіне қатысты ашық пікір білдіріп, тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Politico.kz

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта байлық пен сыртқы жағдайға алданып, өз бақытына балта шауып жатқан жастар көбейгенін атап өтті. Оның айтуынша, ер адамды таңдауда басты өлшем  дүние емес, адамгершілік болуы керек.

«Оқыған-оқымағаны емес, адамдығы маңызды. Үйі мен көлігін емес, мінезін, тәрбиесін қараңыздар. Туыстар сөйлей береді, ал уақыт бәрін өзі дәлелдейді. Қызды жыламайтын жерге ұзатайық. Бай құда уақытша мақтан, ал сын сағатта тірек болатын  адамдық», — деп жазды ол.

Мөлдір Анарбаева бұрынғы қарапайым, бірақ берекелі өмірді еске алып, қазіргі таңда жағдайы бар, бірақ бақыты жоқ отбасылардың көбейіп кеткеніне қынжылды.

«Жастар қол ұстасып-ақ жетілмей ме? Ниет түзу болса, бәрі болады. Қазір екі адамға бәрі жеткілікті, бірақ бақыт жоқ. Неге? Себебі таңдауда дүние алға шықты. Тоқал тақырыбынан шаршадық. Мұндай қадамға бармас бұрын ойлану керек», — деді блогер.

Желі қолданушылары блогердің пікірін қызу қолдап, жазба астына өз ойларын қалдырды. Көпшілік «байлық емес, тектілік маңызды», «бәрін нөлден бастап бірге жеткен дұрыс», «қыз тәрбиесінде осыны айту керек» деген пікірлерін жазды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий