«Тоқалына тіл тигізбегені – тектілік»: Гүлназ Әлімгерей Мөлдір Мұқанованың әрекетіне баға берді
Танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов төңірегіндегі жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Гүлназдың айтуынша, Мөлдір Мұқанованың сұхбатында бір маңызды деталь ерекше көзге түскен ол тосын жағдайда да, күйеуінің тоқалына қатысты бір ауыз жаман сөз айтпаған. Тележүргізуші бұл әрекетті Мөлдірдің тектілігі деп бағалады.
Гүлназ өз жазбасында естеліктерімен бөлісті:
«Ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым” деп бір жақсы көретін жеңгем айтушы еді. Тұрсынбек пен Мөлдірдің дастарқанында талай қонақ болдық. Жуырда ғана біздің ұлдың тойына да келіп, ештеңе білдіртпей әнін айтып, ақ тілегін айтып кетті. Араға бірнеше күн салып сұхбаты шықты. Іштегісін ақтарыла отырып, бөгде әйелге тіл тигізбегені – мен үшін оның тағы бір тектілігі…» — деп жазды ол.
Тележүргізуші Қабатов пен Мөлдірді «көрсе көз тоятын әдемі жұп» деп атай отырып, олардың арасында сезім мүлде өшіп қалды дегенге сенбейтінін жеткізді.
Сонымен қатар, Гүлназ Мөлдірдің жаңа фильміне сұраныс жоғары екенін де атап өтті:
«Бүгін Оралдағы “Шай” фильміне билет жоқ. Оңаша отырып ішетін шайға да уақыт жоқ. Алла халықтың ықыласынан айырмасын, Мөлдіржан!» — деді ол.
Соңғы жаңалықтар