«Тоққа түскен тауықтай»: Айнұр Тұрсынбаева әріптестеріне қатқыл үн қатты

30.01.2026 09:17 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Тоққа түскен тауықтай»: Айнұр Тұрсынбаева әріптестеріне қатқыл үн қатты
57
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева

Ақын әрі коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі жазбасымен жұрт назарын аударды. Ол айтыскер әріптестеріне қатысты өткір пікір айтып, соңғы онлайн айтысқа белсене араласты, деп хабарлайды Politico.kz

Оқиға Сырым Әуезхан мен Жандарбек Бұлғақовтың Yenlik-ті сынаған видеосынан кейін басталған. Бұл сынға айтыскер Балғынбек Имашев рэп форматында жауап беріп, желіде кең қолдауға ие болды. Осылайша ақындар арасында интернет арқылы өрбіген шағын айтыс басталып кетті.

Желіде қызу талқыланып жатқан бұл бастамаға Стамбұлда жүрген айтыскер, бүгінде коучтық қызметпен айналысып жүрген Айнұр Тұрсынбаева да үн қосты. Ол Балғынбек Имашевті қолдап, Сырым Әуезхан мен Жандарбек Бұлғақовқа арнайы видеоүндеу жолдады.

Айнұр Тұрсынбаева жазбасында қарсы тарапқа қатысты эмоцияға толы, өткір теңеулер қолданған. Бұл оның сөзін желі қолданушылары арасында қызу пікірталасқа айналдырды.

Көпшілік көрермен айтыс өнерін сағынғандарын айтып, онлайн форматтағы бұл бастаманың жалғасын табуын тілеп отыр. Желі қолданушылары мұны қазақ айтысының жаңа тынысы ретінде бағалап, рухани серпіліс деп қабылдауда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий