"Құдай сақтасын": Айдана Меденова күйеуімен ажырасқаны туралы қауесетке нүкте қойды
Танымал әнші, "КешYOU" тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова желіде тараған күйеуімен ажырасып кеткені туралы сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында ел арасындағы алыпқашпа әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын, отбасында мұндай мәселе мүлдем көтерілмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, басындағы барлық ауыртпалықта жанынан табылып, демеу болған тек жұбайы.
«Адамдар айта береді. Ең бастысы – үйдегі атмосфера. Ондай нәрсе болған емес, болмайды да. Айналамызда көп нәрсе орын алды. Кейбір адамдармен мүлде араласпаймыз. Менің жанымда үнемі болған тек күйеуім. Біз бір-бірімізден шаршамаймыз. Құдай сақтасын ажырасудан», – деді ол.
Сонымен қатар әнші желі қолданушыларының мән-жайды анықтамастан, жаңсақ пікір қалыптастыратынына наразылық білдірді.
«Адамдар басқаша айтып жүр. Біз оған үйренгенбіз. Бірақ ол ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Егер бірдеңе болса, мен өзім жазамын парақшамда», – деп атап өтті әнші.
Айта кетейік, Айдана Меденова 2015 жылы продюсер Әлішер Нұржановпен шаңырақ көтерген, бүгінде ерлі-зайыпты 3 бала тәрбиелеп отыр. Белгілі бір уақыт отбасылық өмірге байланысты сахнадан алшақтаған өнер иесі биыл, 2026 жылы шығармашылығын қайта жандандырған болатын.
Соңғы жаңалықтар