Төреғали Төрәлі өміріне қатысты тың ақпарат айтты

21.11.2025 21:43 Берік Арманов
Төреғали Төрәлі өміріне қатысты тың ақпарат айтты
0
161
Фото: видеодан кадр. Суретте: Төреғали Төрәлі

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі қызына қойылған диагнозды алғаш рет естігенде есеңгіреп қалғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«2015-2016 жылдар болса керек, Баян Алагөзованың «Қазақ Аруы» жобасы Астанада өтіп жатты. Соны Ерке Есмахан екеуміз жүргізетін болдық. Концерт жүргізуге шығайын деп тұрмын, Ерке арғы бетінде тұр. Сол кезде телефоныма хабарлама келді. Ол кезде Кәусардың аты Томирис тұғын. «Томидің диагнозын қойды: ДЦП» деп жазып жіберіпті. Жұлдызды шағың енді басталып келе жатыр, оның үстіне сахнаға шығайын деп тұрсың. Төбемнен су құйып жібергендей болды», - деп бастады әнші әңгімесін.

Айтуынша, дәл сол кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

«Одан кейін сахнаға қалай шықтым, қалай жүргіздім, есімде жоқ. Сол сәттен бастап маған атақ деген нәрсе қызық болмай қалды. Өмір мен ойлағандай болмады. Алланың өз жоспары бар, әркімнің өз тағдыры бар. Бірақ қазір Алланың сынағы деп емес, бұл қызымды Алланың нығметі деп қабылдаймын. Бұл қыз біздің үйіміздің гүлі», - деп атап өтті өнер иесі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий