Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қызын халыққа көрсетті

27.11.2025 15:02 Айсұлу Мұрат
Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қызын халыққа көрсетті
0
123
Коллаж: Alash.kz. Суретте Тұрарбекқызы мен қызы Кәусар

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бұған дейін көп көрсете бермейтін отбасындағы бір адамды көрсетіп, алғаш рет контент түсіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Толқын желідегі парақшасында Төреғали екеуінің тұңғыш қыздары Кәусарды көрсетіп, 10 жастағы қызының мүмкіндігі шектеулі екенін жұрттан жасырмайтынын айтады. 

"Ерекше баланы анасының шартсыз махаббатпен қабылдауы, әлем де баланы мейіріммен қарсы алғандай болады. Ал сіз ерекше балаңызды қабылдай алдыңыз ба?"- деді Толқын

Әншінің жары қызының сөйлей алмаса да, ым-ишарамен басқалармен әңгімелесе алатынын, ойындағыны айта алатынын, қыдырғанды, сырттан тамақтанғанды жақсы көретінін, тіпті өзі бояна алатынын да жеткізді.

Осы орайда оқырмандар жылы лебізін білдіріп, жағымды пікір жазып жатыр.

"Алланың қалауымен құлан таза айығып, бұдан да құлпырып жүр, Кәусартай", "Кәусар сондай көңілді ашық қыз екен. Алғашқы эфирге шығуымен құттықтаймыз! Мамасы да диалог-сұхбатты күшті құрады", "Осылай күліп, шынайы қабылдаудың артында талай ұйқысыз түндер, дұғалар, көз жасы жатыр ғой. Екі дүниеде бақытты болыңыз! Ұл-қыздарыңыздың тек қызығын көріңіздер" - дейді желі қолданушылары

Естеріңізде болса, Төреғали мен Толқын көпбалалы ата ана. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий