Төреғали Төреәлінің белгісіз арумен құшақтасқан видеосы тарады

Төреғали Төреәлінің белгісіз арумен құшақтасқан видеосы тарады
23.06.2025 18:18
0
216
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде оның белгісіз бойжеткенмен тұрған видеосы тарады. Байқағанымыздай қыз жеңіл киінген, ал әншімен емен-жарқын құшақтасып тұр.

Бұл жағдай көпшіліктің түрлі пікіріне себеп болды.

Видеоны көрген қолданушылар арасында пікірталас өрбіді. Көпшілігі мұндай әрекетті қоғамдық тұлғаға лайық емес деп бағалап, сын айтты.

"Әйелін тұмшалап, өзге қызбен құшақтасып жүргені түсініксіз", "Төрештің жары одан да сұлу", "Мұндай әрекет отбасыға кері әсерін тигізуі мүмкін", — деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Төреғали Төреәліге қатысты түрлі оқиғалар қоғам назарынан тыс қалмаған. Жуырда отбасылық жиындардың бірінде алкогольдік ішімдікке қатысты жанжалға тап болды. Әлеуметтік желілерде оның мас күйде 32 мың теңге тұратын виски сұратқаны айтылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий