Тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкім шықты

08.12.2025 19:45 Берік Арманов
Тойда бұрынғы келінін ұрған ер адамға сот үкім шықты
0
86
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында тойханада бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Төле би аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша айыпталған Х. есімді азаматтың ісі қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 31 тамызы күні шамамен 21:23-те Х. «Зағамбар» мейрамханасында өткен тойда болған. Ол сахнада ән айтып тұрған бұрынғы келіні Т.-ны байқап, оған қатысты бұзақылық әрекеттер жасаған.

Айыпталушы қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, жәбірленушіге бейәдеп қылық танытып, дене күші қолданған. Нәтижесінде Т.-ның мойнында, білегінде және кеуде тұсында көгерген жарақаттар анықталды.

Сот-медициналық сараптама бұл жарақаттардың денсаулыққа зиян келтірмейтін, жеңіл деңгейдегі зақым екенін көрсетті.

Прокурор айыпталушыға 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші де осы талапты қолдап, 700 мың теңге материалдық және 10 миллион теңге моральдық шығын өндіруді талап етті.

Ал Х. өз әрекетін басқа бапқа ауыстырып, айыппұл салуды сұраған.

Сот қандай мән-жайды ескерді

Сот айыпталушының өкінуін және бұрын сотталмағанын жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды. Оны ауырлататын жайттар анықталмады. ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігінде айыппұлдан бастап екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Сот үкімі 2025 жылғы 8 желтоқсанда сот Х.-ға 1 жылға бас бостандығын шектеу, 800 мың теңге моральдық шығын төлеу және 700 мың теңге өкілдік шығындарды өтеу жөнінде үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Айта кетейік, бұл оқиға 31 тамызда Төле би ауданындағы Загамбар ауылындағы мейрамханада болған. Жәбірленуші Instagram парақшасында оқиға видеосын жариялаған. Кадрларда ер адамның ән айтып тұрған қызға жақындап келіп, бетіне қолымен қатты салып жібергені көрінеді. Басқа ракурстан түсірілген видеода оның қыздың басынан ұрып, жерге құлатқаны байқалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий