Трамп Байденмен дебатта 26 рет өтірік айтқан
Көптеген сарапшылар, Президент Байден сайлаудағы басты қарсыласы Трамппен бірінші дебатында жеңіліс тапты деп санайды,-деп хабарлайды politico.kz
Сарапшылардың пайымынша, Джо мырза дебат үстінде не ойын жинақтай алмады, не сөз таба алмады. Мысалы, жүргізуші одан абортқа тыйым салу мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бұл Демократиялық партия үшін ең қолайлы тақырыптың бірі. Өйткені Трамп әйелдердің жасанды түсік жасатуына қатаң тыйым салуды жақтайды. Сондықтан Байден демократиялық мемлекетте әр адам өз өмірін қалай ұйымдастырам десе де құқылы екенін айтудың орнына, миграция тақырыбына тез ауысып кеткен. Ал америкалықтар Байденнің кезінде заңсыз миграцияның шектен тыс белең алғанына наразы. Трамп болса, заңсыз мигранттармен қатал күресуге ниетті. Байден соның бақшасына су құйып бергендей болды. Дебаттан соң Байден журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді. Сонда «Өтірікшімен дауласу қиын. New York Times Трамптың осы жолы 26 рет өтірік айтқанын есептеп шықты", – деп қысқа қайырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...