Трамп Газаны бақылауға алуға дайын екенін мәлімдеді: Палестиналықтар Газадан күштеп көшірілуі мүмкін
Трамп Газаны "Таяу Шығыс Ривьерасына" айналдырмақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесуінде Газа секторын соғыстан кейін бақылауға алуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Трамптың айтуынша, палестиналықтарды Газадан басқа елдерге көшіру қарастырылуда.
"Палестиналықтар Египет пен Иорданиядан бөлек, тағы 5-6 елге көшірілуі мүмкін. Оларға ыңғайлы жағдай жасаймыз", — деді ол.
АҚШ басшысы Газаны "Таяу Шығыстың ривьерасына" айналдыруды жоспарлап отыр. Ол жерде жаңа ғимараттар салынып, жұмыс орындары ашылмақ. Алайда, Трамп Газаның болашақта кімнің бақылауында болатынын нақтыламады.
ХАМАС бұл ұсынысты қатаң сынға алып, Газадан палестиналықтарды күштеп көшіру Израильдің бақылауын орнату мақсатында жасалып жатқанын мәлімдеді.
"Бұл геноцид пен зорлық-зомбылықты заңдастыру", — деп мәлімдеді ХАМАС өкілдері.
Нетаньяху Трамптың ұсынысын қолдап, Израильдің Газаның болашағына қатысты жоспарына сәйкес келетінін айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...