Трамп ХАМАС-қа ультиматум қойды
690
АҚШ пен Израиль ХАМАС-қа қысым күшейтуде
АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-тан Израильдің барлық тұтқындарын 15 ақпан күні түскі 12:00-ге дейін босатуды талап етті. Ол бұл талап орындалмаса, Газадағы бітімгершілік келісімі бұзылып, соғыс қайта басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Fox News мәліметінше, Трамп:
«Егер сенбі, 12:00-ге дейін барлық тұтқындар босатылмаса, мен келісімді жоюға уақыт келді деп есептеймін және тозақ басталады», – деп мәлімдеген.
Бұл мәлімдеме ХАМАС-тың Израиль тұтқындарын босатуды уақытша тоқтататынын хабарлағаннан кейін жасалды. Ұйым Израиль билігін гуманитарлық көмекті бөгеп, палестиналықтардың Газа секторына оралуына кедергі келтірді деп айыптады.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац ХАМАС-тың бұл әрекетін бітімгершілік келісімінің өрескел бұзылуы деп бағалап, Израиль армиясын толық әскери дайындыққа келтірді.
Газа секторындағы жағдай ушығып, қақтығыс қайта басталу қаупі артып отыр. АҚШ президентінің ескертуі жағдайды одан әрі күрделендіруі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...