Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жариялаған жазбасымен тағы да көпшіліктің назарын аударды. Бұл жолы ол өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде көрсеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Трампқа тиесілі Truth Social платформасында жарияланған скриншотта (Wikipedia-дағы өмірбаянға ұқсас форматта) оның 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы екені жазылған. Сонымен қатар, ол АҚШ президенті ретіндегі қызметін де «сақтап қалған».
Жазбада Трамптың Венесуэладағы билікке қалай және қандай негізде келгені туралы нақты түсініктеме берілмеген. Аталған мәлімет ресми сипатта емес және әзіл не провокациялық жазба болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.
Айта кетейік, Венесуэла — тәуелсіз мемлекет, оның өз президенті бар. Ал Трамптың бұл «тағайындауы» ресми билік органдары тарапынан расталған жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазбаны кезекті ирониялық немесе саяси троллинг деп бағалап, түрлі пікір қалдыруда.
Соңғы жаңалықтар