Трамп Қазақстанға келе ме – АҚШ консулы жауап берді
АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Питер Кауфман Дональд Трамптың Қазақстанға ресми сапармен келу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
БАҚ өкілдерімен кездесуде дипломаттан АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға келуге жасаған шақыруын қабылдады ма деген сұрақ қойылды.
Кауфман бұл сапарды күтетінін айтып, екі мемлекет арасындағы байланыстардың соңғы уақытта айтарлықтай нығайғанын атап өтті.
Оның сөзінше, Қазақстан президенті мен АҚШ басшысы тұрақты түрде телефон арқылы сөйлесіп, өзара тікелей байланыс орнатқан.
«Мен бұған үміттенемін. Біздің қарым-қатынасымыз бұрын-соңды мұндай деңгейде берік болған емес. Тоқаев пен Трамп жиі сөйлеседі. Олардың арасында мықты байланыс қалыптасты. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынаста қазір байқалып отырған ерекше динамиканы көрсетеді», – деді Питер Кауфман.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға шақырған. Бұл туралы екі ел президенттері 2025 жылы 23 желтоқсанда және 2026 жылы 10 шілдеде өткен телефон арқылы сөйлесулерінде айтқан.
Соңғы жаңалықтар