Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты
Фото: The New York Times

Дональд Трамп Қазақстанға сапар шегуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дональд Трамп «24KZ» телеарнасының тілшісіне берген жауабында Қазақстанға келу ықтималдығын жоққа шығармайтынын айтты.

Ол бұл пікірін 7 қыркүйекте Ақ үйден АҚШ-тың теннис бойынша ерлер арасындағы ашық чемпионатының финалына бара жатқанда білдірді. Журналист Орталық Азия елдеріне және Қазақстанға сапары туралы сұрақ қойған.

«Баруым әбдем мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз! Президентіңіз өте жақсы адам! Рақмет!», – деді Трамп.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу