Трамп Путинге берген уақытын қысқартты

Трамп Путинге берген уақытын қысқартты
29.07.2025 09:01
0
521
Сурет: Brendan Smialowski/AFP/Getty Images

Трамп Ресейге берген уақытын қысқартты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін бұған дейін берген 50 күндік мерзімді айтарлықтай қысқартатынын мәлімдеді. Енді жаңа талаптың уақыты небәрі 10–12 күн.

Бұл шешімін Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуінен кейін жариялады.

– Мен мерзімді өзгертемін. Бүгіннен бастап шамамен 10 немесе 12 күн ғана бар. Күтудің қажеті жоқ. Бастапқыда жомарттық танытып едім, бірақ ешқандай ілгерілеу жоқ, – деді АҚШ президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Ресейге Украина бойынша келісім жасау үшін 50 күн уақыт берген болатын. Кейін АҚШ президенті журналисттерге берген сұхбатында:

– Президент Путиннен көңілім қалды. Өте көңілім қалды. Мен оған берген 50 күндік мерзімді қысқартамын, өйткені мен қазірдің өзінде бәрі қалай аяқталатынын білемін!, – деді Трамп.

Сол мерзімді бүгінен бастап қысқартуды шешті Трамп. Егер осы мерзім ішінде келісім жасалмаса, Мәскеумен әріптестік орнатқан елдерге қарсы 100 пайыздық сауда баж салығы енгізілуі мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий