Трамп Тоқаевқа алғыс айтты

22.01.2026 17:37 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Трамп Тоқаевқа алғыс айтты
34
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп

Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады., деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. 

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.  

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий