Трамптың арнайы өкілі Украинадағы қақтығысты 24 сағатта тоқтату туралы уәдесін түсіндірді

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Украинадағы қақтығысты 24 сағатта аяқтау туралы уәдесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Келлогтың айтуынша, Трамптың "соғысты бір тәулікте тоқтатамын" деген сөзі нақты қай күнге немесе қай жылға қатысты айтылғаны белгісіз.
"Президент айтты, біз 24 сағатта аяқтаймыз. Бірақ ол қай күні екенін нақтыламады", – деп әзілдей жауап берді Келлог.
АҚШ әкімшілігі Украинаға әскери көмекті тоқтатқаны белгілі. Бұл шешім Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ақ үйдегі қақтығысынан кейін қабылданған.
Вашингтонның ресми мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ Украинаға көмек көрсетуді Киевтің бейбіт келіссөздерге қаншалықты дайын екеніне байланысты шешеді.
АҚШ Ресеймен жаңа келіссөздер кезеңін бастауға дайындалып жатқаны туралы мәлімдеме жасалды.
Трамп Украина мен Ресейге "бейбіт келіссөздерді бастау" талабын қойды. Екі тарап келісімге келе ме, жоқ па – бұл сұрақтың жауабы әлі белгісіз.
Соңғы жаңалықтар





