Трамптың айтуынша, Украина Ресейге жауап қайтармауы тиіс еді

Трамптың айтуынша, Украина Ресейге жауап қайтармауы тиіс еді
Бейнеден кадр
Трамп: Украина Ресей басып кірген кезде соғыспауы керек еді

Украина өзінің аумағына Ресей басып кіргенде қарсы тұрудың орнына келіссөздер жүргізуі керек еді деп мәлімдеді АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп, деп хабарлайды POLITICO.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.

"Зеленский әлдеқайда үлкен, әлдеқайда мықты құрылыммен күреске шықты... Ол мұны жасамауы керек еді, өйткені біз мәміле жасай алатын едік", – деді Трамп.

Трамптың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Украина Ресейдің әрекетіне қалай жауап беруі керек еді деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу