Трансгендер Амилайды елден қуып жатыр ма?

Трансгендер Амилайды елден қуып жатыр ма?
18.10.2025 13:32
0
1596
Ашық дереккөз

Трансгендер Амилай Қазақстаннан кетуіне себеп болған жағдайды ашып айтты.

Ол өз әлеуметтік желісінде жариялаған видеода белгісіз адамдардың соңына түскенін мәлімдеп, елден қауіпсіздігі үшін кеткенін жазды.

«Бұл видео осы жерде қалсын, менің қауіпсіздігім үшін! Егер мен жоқ болып кетсем немесе маған бірдеңе болса, кім кінәлі екенін біліңдер. Мен бәрін білемін — қай жерде жұмыс істейтініңді, әйелің кім екенін, бала-шағаларыңның аты-жөні, қайда оқитыны — бәрі менде бар! Бұл ақпарат достарымда да сақтаулы, егер маған бірдеңе болса, олар бәрін жариялайды», — деді Амилай.

Оның айтуынша, Қазақстаннан кеткеннен кейін де белгісіз адамдар мазасын алып, шетелде жүрген жерінде жиі қонақүй ауыстыруға мәжбүр болған. Трансгендер өзін қауіпсіз сезінбейтінін айтып, видео арқылы жұртқа өз басына қауіп төніп тұрғанын жеткізді.

Желі қолданушылары бұл жазбадан кейін түрлі пікір білдіріп, бір бөлігі Амилайға қолдау көрсетсе, енді бір бөлігі оның сөзін күмәнмен қабылдаған. Ал Амилай әзірге қай елде жүргенін нақты атамады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий