"Туған анаммен араласпаймын": Қарақат Әбілдина жазбасымен жұртты ойлантып қойды
Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында жақын жандардың қадірі, туған-туыстың татулығы және өмірдің шынайы байлығы туралы әсерлі жазба жариялады, деп забарлайды Politico.kz.
Өнер иесі ақын Сұлтан Әбеновтің өлең жолдарынан үзінді келтіріп, бүгінгі қоғамда бір-бірінен алыстап кеткен жандардың көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
«Білесіз бе, осы әнді алғаш тыңдаған сәтте ойыма ең алдымен жақынын жат көріп кеткен жандар келді. Тіпті басқа емес бір туған бауырлардың өзі бір-біріне өкпелесіп, араласпай жүргенін көргенде көңілің шын құлазиды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар айналамызда аз емес. Бірде жақсы араласып жүрген таныс қыздың: «Туған анаммен араласпаймын. Бір-бірімізді мүлде түсінбейміз», – дегенін естігенде, жағамды ұстадым. Анадан артық кім жақын?.. Мұндай да сұмдық болады екен-ау дедім ішімнен ?!..
Ондай мысалдар тізе берсе жетеді... Мүмкін, уақыт өте келе бәрін түсінер, түсінісер. Бірақ жоғалған жылдар мен суыған көңілді қайтару мүмкін бе ?!...
Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз, замандастарым? Шын байлық деген .......» – деп жазды Қарақат Әбілдина.
Соңғы жаңалықтар