Түн ортасында компьютер клубында отырған 9 жасар бала рейд кезінде анықталды (ВИДЕО)
Алматы облысының прокуратурасы мереке және демалыс күндері өңір аумағында ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Нәтижесінде 800-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Тексеру барысында 292 жүргізушінің құжатсыз немесе көлік басқару құқығынсыз рөлге отырғаны анықталды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкоголь ішудің 83 фактісі, жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруінің 66 жағдайы тіркелген.
Сондай-ақ 12 мас жүргізуші ұсталып, алкоголь өнімдерін заңда тыйым салынған уақытта сатудың 10 дерегі әшкереленді.
Рейд кезіндегі ерекше жағдайлардың бірі Талғар қаласында болды. Түн ортасында компьютер клубынан ересектердің қарауынсыз жүрген тоғыз жастағы бала анықталған.
Осыған байланысты прокуратура ата-аналарды балалардың қайда және кіммен жүргенін қадағалауға шақырды. Балалардың қауіпсіздігі үшін олардың бос уақытын бақылауда ұстау маңызды екені атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар