«Түрің түсініксіз. Жасайтын да жерің қалмаған!»: Қуат Хамитов тікелей эфирде қызға тиісіп шүйлікті (ФОТО)

21.11.2025 14:11 Айсұлу Мұрат
«Түрің түсініксіз. Жасайтын да жерің қалмаған!»: Қуат Хамитов тікелей эфирде қызға тиісіп шүйлікті (ФОТО)
0
56
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қуат Хамитов

Көпшілікке Найман есімімен танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Найман Тик-ток желісіндегі тікелей эфир барысында шектен шыққан дөрекілікке барды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

1bol.kz мәліметінше, белгілі спортшы желіде стрим кезінде «Мони» есімді қолданушымен әңгіме-дүкен құрған. 

«Түріңе қарап сені бай деп қалуы мүмкін. Күйеуге тиген соң не істейсің? Не сабақ оқымағансың?! Не тамақ істей алмайсың! Түріңнің неге ұқсайтыны түсініксіз. Не істейсіз? Алдағы 5 жылда жобамен түрің менікіндей болады. Қалай жұмыс істейсің? Жас қыздар көп деп сенен массажды ешкім алмайды. Не жасайсың? Жасайтын да жерің қалмаған! Күйеуі мотивацияны түсінбейтін болады. Қарын деген үш бала туатын әйелдікіндей. Артын көтеріп үшінші қабаттан түскенде жүрегі отырып, инфаркт алады. Сендерге кредит бермейді, өмірі жұмыс істемегенсіңдер. 1 млн теңге береді. Оны екі қолтырауын бір айда жеп тастайсыңдар. Ары қарай не істейсіңдер? Эфирге де шыға алмайсың. Себебі, мұнда әдемі қыздардың көптігінен қырыққа келген сені ешкім қарамайды», - деді Қуат Найман.

Алайда Қуат Хамитов белгісіз арудың намысына тиіп, болашағы жоқ екенін ғана айтумен болды. Сонымен бірге жеке басына тиісіп, болашақ жарының да ештеңеге қабілетсіз жан болатынын айтып, мазақ қылды. Айта кететін жайт, Қуат Хамитов оны қанша жерден тілдесе де желі қолданушысы оған қарсы ешқандай қарсы пікір білдірмеді.

Бұған дейін Қуат Хамитов футболды сынға алып, оның Қазақстанда үлкен бизнеске айналғанын айтқан болатын. Ол «Халық футбол деген бизнестен 30 жылдан бері зардап шегіп келеді» деп пікір білдірген еді.

Фото: видеодан скрин

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий