Түркістан облысында мигранттарды елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топтың ісі әшкере болды

Түркістан облысында мигранттарды елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топтың ісі әшкере болды
18.09.2025 11:28
0
110
Фото: Polisia.kz

11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Polisia.kz-тің дерегінше, қылмыстық топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің «қызметі» үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Жүргізілген тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді. 

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және «Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген дерегі жазасыз қалмайтынын ескертеді», - деп хабарлады министрлік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий