Түркістан облысында қоқыстан жаңа туған нәресте табылды

09.12.2025 21:30 Берік Арманов
Түркістан облысында қоқыстан жаңа туған нәресте табылды
0
119
Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысының Кентау қаласында аулалардың бірінен жаңа туған нәрестенің мүрдесі табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция таратқан фотосуретте сәбидің денесі қоқыс жәшігінің жанында жатқанын көруге болады.

«Полицейлер аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау жазбаларын қарап, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбаттасып жатыр», — деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД.

Ведомствоның хабарлауынша, медициналық мекемелер де кешенді тексерістен өтуде.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысына сәйкес заң аясында тиісті шешім қабылданады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий