Түркістан облысында танысына оқ атқан азамат ұсталды (ВИДЕО)

Түркістан облысында танысына оқ атқан азамат ұсталды (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Түркістан облысында танысына оқ атқан азамат ұсталды

Түркістан облысының Сайрам ауданында травматикалық қарудан оқ атқан азамат полиция қызметкерлері тарапынан жедел түрде ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN каналына сілтемемен.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға тұрмыстық жанжал салдарынан болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті танысымен арада туындаған келіспеушілік кезінде травматикалық тапаншамен оқ атқан. Оқиға салдарынан жәбірленуші жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан травматикалық тапанша тәркіленіп, заттай дәлел ретінде іске тіркелді.Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу