Түркістан облысында тепловоз жүк көлігімен соқтығысты
Түркістан облысында тепловоз жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бүгін, 8 тамыз күні таңғы сағат 04:30-да Түркістан облысындағы Қызылсай – Шымкент аралығындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, HOWO жүк көлігінің жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, күзетілетін теміржол өткеліне жақындап келе жатқан тепловоздың алдына шығып кеткен.
Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ, алайда жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етті. Қазіргі уақытта үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтап, кешігіп жатқаны хабарланды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...