Түркістан облысында үш полиция қызметкері қыз зорлаған

30.01.2026 08:35 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Түркістан облысында үш полиция қызметкері қыз зорлаған
113
Фото: gov.kz

Түркістан облысында үш полиция қызметкері тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

 HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсінік берген.

Ведомство мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ хабарлауынша, бұрынғы полиция қызметкерлерінің қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген ақпарат толық көлемде тексеріліп жатыр және ол досуды тергеп-тексеру аясында құқықтық баға алады.

Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесінде аталған үш қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызмет беделіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында, деп хабарлады министрлік.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий