Түркістанда 9-сынып оқушысының өліміне байланысты тергеу басталды

11.11.2025 17:48 Арман Ермеков
Түркістанда 9-сынып оқушысының өліміне байланысты тергеу басталды
0
943
Фото: бейнеден кадр

Түркістанда 9-сынып оқушысы Мейіржанның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Зиятаевтің айтуынша, оқиға қаладағы мектептердің бірінде болған. Алдын ала деректер бойынша, 9-сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан соққы алып, сол жерде көз жұмған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қажетті шараларды жүргізіп, күдіктіні және оқиғаға қатысқандардың барлығын ұстап, тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында екені айтылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілген.

Полицияның мәліметінше, ювеналды қызмет өкілдері болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейтпек.

Ал марқұмның туыстарының айтуынша, Мейіржан Нұржанұлы достарының шақыруымен үйден шыққан соң қайтып оралмаған. Оның денесі мола маңынан табылған. Туыстары баланың мектептегі әлімжеттіктің құрбаны болғанын айтады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий