Түркістанда ақша бопсалаған блогер ұсталды

16.01.2026 23:32 Берік Арманов Берік Арманов
Түркістанда ақша бопсалаған блогер ұсталды
0
29
Фото: видеодан кадр

Өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырған блогер Түркістан облысында бопсалауға күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz

Ведомствоның ақпараттық медиапорталының мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы блогер әйелді ұстаған.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, алдын ала дерек бойынша, күдікті өзін қоғамдық белсенді ретінде көрсетіп, Келес ауданына қарасты медициналық мекеме басшысынан әлеуметтік желілерде беделіне нұқсан келтіретін материал таратпау үшін 1 миллион теңге талап еткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий