Түркістанда жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті (ВИДЕО)

17.06.2026 18:20 Қарақат АСЫЛОВА
Түркістанда жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті (ВИДЕО)
146
Видеодан кадр
Саратов – Алматы пойызында төтенше жағдай

16 маусым түскі сағат 13:00 шамасында Саратов – Алматы бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Түркістан облысындағы Шиелі – Түркістан аралығында пойыз вагондарының бірінің доңғалақ жұбы рельстен шығып кеткен. Оқиға кезінде вагон бір жаққа қисайып, жолаушылар арасында алаңдаушылық туғызды. Вагонда барлығы 36 жолаушы, оның ішінде 13 бала болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір әйел жолаушы құлап, басынан жарақат алған. Сондай-ақ бір бала ыстық суға күйіп қалған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға техникалық себептерге байланысты болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек ұсынылғанымен, олар одан бас тартқан.

Оқиға салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін арнайы қалпына келтіру пойызы жіберілді. Ал жолаушыларды межелі жерге жеткізу мақсатында қосымша пойыз ұйымдастырылған.

Ұлттық тасымалдаушы орын алған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.

Войдите, чтобы оставить комментарий