Ақтөбеде композитор Ғазиза Жұбанованың ескерткішінің жанында үш ер адам ішімдік ішкен 

17.06.2026 17:50 Әсел МҰРАТ
Ақтөбеде композитор Ғазиза Жұбанованың ескерткішінің жанында үш ер адам ішімдік ішкен 
178
Фото: Даипазон

Ақтөбеде әлеуметтік желілерде композитор Ғазиза Жұбанованың ескерткіші маңында үш ер адамның ішімдік ішіп отырғаны түсірілген видеосы кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Кадрлардан ер адамдардың ескерткіш жанында дастарқан жайып, ішімдік ішіп отырғанын көруге болады. Видео авторы бұл әрекетке наразылық білдіріп, оқиға кезінде маңайда бірде-бір полиция қызметкерінің болмағанын айтты.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін бұл оқиғаға полиция да назар аударды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған азаматтардың кім екені анықталды.

«Бұл азаматтардың кім екені анықталды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бұған дейін Қонаев қаласында да тіркеліп, 17 жастағы жасөспірім Орталық саябақта жазушы Бердібек Соқпақбаев пен оның «Менің атым Қожа» повесінің кейіпкеріне қойылған ескерткішке шығып, құрметсіздік танытқан еді. 

Войдите, чтобы оставить комментарий