Түркияда Сұлтан Сүлейменді сомдаған атақты актер сотталды

Түркияда Сұлтан Сүлейменді сомдаған атақты актер сотталды
Фото: Anadolu/Getty Images

«Ғажайып ғасыр» телехикаясында Сұлтан Сүлейменнің рөлін ойнаған танымал түрік актер Халит Эргенч Түркияда Гези саябағындағы наразылықтар бойынша қозғалған іс аясында шартты түрде сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Стамбұл соты актерді жалған куәлік берді деп танып, бастапқыда 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Алайда сот процесіндегі үлгілі тәртібі мен бұрын сотты болмағаны ескеріліп, жаза 1 жыл 10 айға қысқартылды.

Сот үкімі кейінге шегеріліп, нәтижесінде актерге шартты жаза берілген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу