Тұрсынбек пен Мөлдірдің жылаған балалары жұрт жүрегін елжіретті

11.11.2025 08:20 Берік Арманов
Тұрсынбек пен Мөлдірдің жылаған балалары жұрт жүрегін елжіретті
0
262
Коллаж: SN.kz. Суретте: Тұрсынбек Қабатовтың балалары

 

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқан өзінің желідегі парақшасына жантебірентер видео жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Видеода балалар анасына өз қолдауларын білдіріп, жылап қалғандары байқалады. 

"Қазір бір-бірімізге қатты мұқтажбыз. Жылы сөзімізбен, махаббатымызбен бір-бірімізді емдеп жүрміз. Осындай өзіммен қатар өскен ақылдары дария балаларым барда енді қиналмайтын сияқтымын…

Балалардың не айтқанын салайын ба?", - деп жазды ол. 

Әрқайсысы аналары мен бауырларына жылы сөздерін арнаған.

"Мама, өмірге әкелегеніңізге, бар болғаныңызға рахмет. Біз сізді қатты жақсы көреміз. Сіздің біз үшін еңбек етіп, уайымдап жүргеніңізді білеміз. Киноңыз сәтті болсын. Бізді әрқашан қуантып жүретініңіз үшін рахмет!", - деді олар.  

Ерекше сәт оқырмандардың да жүректерін елжіретті. 

"Оларда шынайы эмоция, өтірік жылай алмайды ғой жандарым, жүректерінен анасын ойлаған", "Баға жетпес байлығын тастап, қалың орманын тастап мықтап адаскан екен бұл азамат", "Әкелеріне өкпелері бар екені , анық көрініп тұр. Жаным үлкен ұл солқылдап жылап отыр", "Сіз – нағыз мықты анасыз!", "Өзегім өртеніп барады...", - деп жазды олар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий