«Тұрсынбек жездемнен айырылып қалдық»: журналист Қабатов туралы айтты
Танымал журналист Ербол Мәндібек әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның әйелінің сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Бір жездемнен айырылып қалдым. Түнімен уайымдап ұйықтай алмай шықтым. Бұл қалай болғаны? Талай мәрте Торғайға келіп қайынжұртым деп қызмет қылып, алаңсыз ас-суымызды ішіп жүрген азамат еді ғой. Түнгі сағат екіге дейін Мөлдір Мұқанова апамның сұхбатын көрдім. Жездеміз Тұрсынбек Қабатовпен заң жүзінде ажырасқанын айтты. Бұдан бұлай Тұрсынбек Торғайдың күйеу баласы емес. Ақыры айырылып қалыппыз.
Мөлдір апама риза болдым. Ошағын өшірмеу үшін барынша тырысқан екен. Өмірлік серігіне жан-тәнімен берілгені байқалып тұр. Әттең, Тұрсекең әйелінің қадірін түсінбеген екен», - деп жазды журналист.
Мәндібек желіде жерлесі Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді.
«Еркек заты ноқтасын бір үзсе болмайды деген рас-ау.
Қартайған шақта махаббат деген пәленің не керегі бар? Түсінбеймін. Мөлдір апам қыз десе қыз, ұл десе ұл тапты. Аяқ-қолын жылы суға малып күтті. Бас ұстап, жамбас мүжіп, құйрық май асап, төс қағар шағында неге қағынды екен? Қазір не көп? Сұлу қыз, сұлу әйел көп. Еркек болған соң жыланың жыбырлап, құртың қозып, кейде ауыз тигің келетіні рас. Бірақ, ең дұрысы көтті қысқан дұрыс. Е құдайым, қартайғанда мені ешкімге ғашық қыла көрме. Содан басқа тілеуім жоқ.
Мөлдір менің жерлесім, апам, өте ақылды, отбасы үшін соңына дейін күрескен кісі. Алайда, еркектің екі елі етке есі кетсе шара жоқ деген сөз рас-ау. Мен бұл жерде махаббат пен жүректі айттым. Дұрыс түсініңіздер....», - деп жазды журналист.
Соңғы жаңалықтар